Музейлер

Павлодар облыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі. Бұған дейін тек Алматыда Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы болған. Бірақ кеңестік бейнелеу өнерінің Павлодар облыстық музейінің тарихы (1992 жылға дейін осылай аталғандай) бұдан ертерек басталған болатын. Музей облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет бөлімінен енші алып шықты. Көркемсурет бөліміне қазақтың Т.Г. Шевченко атындағы мемлекеттік көркемсурет галереясынан (директоры Л.Г. Плахотная) 46 шығарма, облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1963 жылы экспонатқа қойылған ленинградтық суретшілер көрмесінің бір бөлігі берілді. Бұл шығармалар коллекцияның негізі болды. 1965 жылдың басында Целиноград қалалық мәдениет басқармасы мәскеулік суретшілердің 103 туындысын берді. РКФСР Суретшілер одағының Мәскеу бөлімшесі Тыңның 10 жылдығын мерекелеуге байланысты ұйымдастырған көрменің құрамына осы 103 шығарма енген болатын. Бұл көрме Тың өлкесіне сыйға тартылды және кейін бізге берілді. Павлодарлық суретшілер де өз туындыларын музейге сыйға тартты, КСРО Мәдениет министрлігі мен Мемлекеттік Третьяков галереясы шығармаларын, оның ішінде В. Серовтың (ХХ ғасырдың басы), Н. Каразиннің (акварель, 1860 ж.), т.б. туындыларын тапсырды.

Музей 1965 жылы 18 желтоқсанда келушілерге есігін ашты. Қора сол кезеңде 360 экспонат болды. 1979 жылы музей жаңа ғимаратқа көшті, қазір де сонда жұмыс істеп жатыр.

Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады. Бұл музей қорынан алынған дәстүрлі тақырыптық іріктемелер, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «МАРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суреттерінің көрмесі, алдыңғы қатарлы музейлердің жинақтарынан алынған көшпелі көрмелер.
Музейде өткізілетін суретшілермен кездесулер, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көркем-әдеби және музыкалық кештер, презентациялар, бейнелеу өнері тарихы бойынша видеофильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырады. Музей кеңес беру-сараптау қызметтерін көрсетеді, қала және облыстың оқу орындары үшін білім бағдарламаларына белсене араласады.

Музей әріптестерінің ішінде тек Қазақстан музейлері мен галереялары ғана емес, сонымен қатар Омбы және Новосібір музейлері, Британ Кеңесі, Гёте Институты, Сорос-Алматы осы заманғы өнер орталығы, «Ашық музей» халықаралық Музей Ассоциациясы, Ресей музейлерінің Ассоциациясы бар.

Ақпарат көзі: Павлодар облыстық көркемсурет музейінің ресми сайты - http://pavlodar-museum.kz