«Так вот, где начиналась жизнь моя!
Здесь канареечные половицы
Поют легонько, рыщет свет лампад,
В углах подвешен.
Книга «Жития Святых», псалмы.
И пологи из ситца»
- деп, ақын өзінің балалық шағы өткен туған үйіне арнап өлең шығарды. Бұл жерде қазіргі күні ақынның мұражай Үйі салынды. Гүлге оранған үй ауласында мүсінші Е. Мергенов және архитектор Қ. Монтахаев жасаған П. Васильевтің бюсті қарсы алады.
Екі бөлмелі ағаш үйде Уақыт тоқтағандай. Бұл жерден көпестің жиһаздарын, венскінің үстелдерін көресіз, вольтер креслосында отырып П. Васильев өлеңдерін жазды. Әйнекте ақын жырлаған герань гүлі тұр. Қабырғада ақынның, оның туыстары мен жақындарының фотосуреттері, суретшілер Н. Быховецкийдің, П. Лысенконың, С. Музалевскийдің картиналары ілінген.
ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғ. басындағы қалпына келтірілген интерьер, Васильевтер отбасының жеке мүліктері, фотосуреттері, ақынның көзі тірісінде жарық көрген басылымдар, қолжазбалар мұражайда ұқыпты сақталады, олар арманшыл, алғашқы өлең жолдарын жазып отырған жас ақынның бейнесін елестетуге көмектеседі.
Музей-үйінің құрылу тарихы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1987 жылы әдебиет бөлімінің ашылуынан бастау алды, бөлім кейін әдебиет және өнер музейіне айналды.
Васильев шығармашылығын зерттеушілердің, оның жесірі Е.А. Вялованың бастамасымен 1990 жылдың желтоқсан айында әдебиет бөлімі ақынның үйінде орналастырылды. Бірақ, 1866 жылы салынған үй бұзылу жағдайында болды, сондықтан ғимаратты жөндеу керек деген шешім қабылданды.
1994 жылдың 23 желтоқсанында, ақын П.Васильевтің туған күнінде музей-үй салтанатты ашылды. Жаңартылған музейдің экспонаттарының көбісін ақын Н.П. Фурманның қызы Е.А. Вялова, ақынның ағасы В.Н. Васильев берді.
П. Васильев туралы өлкетанушы, белгілі фотограф Д. П. Багаевтан білген С.А. Музалевскийтің іздену жұмысы арқылы, Ст. Черных және Г. Тюриннің зерттеулері арқылы, олардың «ақын ізі бойынша» саяхаты нәтижесінде, музей қызметкерлерінің және Васильев шығармашылығын зерттеушілерінің ізденіс жұмыстары арқасында П. Васильевтің нақты өмірбаяны, әдеби мұрасы қалпына келтірілді. Кейін музей-үйінің қоры П. Васильевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы құжаттармен ғана емес, сонымен қатар онымен замандас ақындар туралы тұрақты толықтырылды.
Музей-үйінде поэзия сүйетін павлодарлықтар үшін әдеби-музыкалық кештер, белгілі әдебиетшілермен кездесулер өткізіледі, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің отырыстары өтеді.
Музей-үйіне АҚШ-тан, Франциядан, Польшадан, Белоруссиядан, Ресейден, Қазақстаннан қонақтар келді. П. Васильевтің шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Жарқын, дара ақынның шығармашылығы поэзияны бағалайтындар үшін өте қымбат. Павел Васильевтің поэзиясы - бұл біздің мәдениетіміздің қазынасына қосқан бағасыз үлес.