Д.П. Багаевтың мемориалды музей-үйі 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылады. Бұл үйде өлкетанушы, Павлодар Ертіс өңірінің шежірешісі, Облыстық тарихи өлкетану музейінің негізін салушы және алғашқы директоры, фотограф Д.П.Багаев өзінің шығармашылығы басталған 1905 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін тұрды.
Дмитрий Поликарпович Багаев 1884 жылдың 5 қыркүйегінде Ресей империясы, Туманы ауылы, қазіргі Киров облысында дүниеге келген. Павлодарға жұмыс істеу үшін 15 жасында көшіп келген (1899 ж.).
Музейдің концепциясына қарай, музейдің негізгі міндеті: экспозициялар мен экспонаттарды тәртіпте ұстау, Д.П. Багаевтың шығармашылығы мен өмірі жайында жаңа деректерді іздеп табу және оларды насихаттау.
Сонымен бірге басқа музейлермен мәдени байланыс орнатып, қазіргі замандағы фотосуретшілермен бірлесіп, олармен қызмет жасалып жатыр.
Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы – Д.П. Багаев туралы жүргізген жаңа және белгісіз апараттарды іздестіру, жинау жұмыстарының нәтижесі. Оның әр жылдағы мұрасын, фотография жинақтарын зерттеліп келесі дәрістер мен көрмеге дайындық барысында жарияланды.
Д.П. Багаевтың мұраларын танымал ету мақсатында қазіргі заман фотографтарының шығармашылығы зерттеліп, олармен байланыс орнатылған.