Музейдің негізгі экспозициясы сәулет ескерткіші болып табылатын Ленин көшесіндегі ғимаратында орналасқан. 1890 жылдары салынған. Мұнда бірінші гильдияғы көпесі А. Деровтың сауда үйлері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимаратының екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстанды зерттеу қоғамының» облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев. Музей экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 12 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана, алты филиал: Д.П.Багаевтың музей-үйі, Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музей-үйі, Әскери Даңк музейі, КМҚК «Екібастұз тарихи-өлкетану музейі», КМҚК «Ақсу тарихи өлкетану музейі», КМҚК «Шарбақты тарихи-өлкетану музейі». Аспан астындағы музей жұмыс істейді.
Музей қоры музей қызметінің ғылыми көрсеткіші және ерекше мақтанышы болып табылады. Музей қорының топтамасы жылдан жылға көбейіп, олардың ғылыми өңдеуі жетілдіруде. Музей қорында жүз мыңнан астам негізгі қорға жататын экспонаттары бар.
Музей жинақтарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды.
Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық және аймақтық семинарлар, жыл сайын «Потанин оқулары», өлкетану сабақтары, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі Павлодар Ертіс өңірін зерттеу бойынша археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізеді.
ҚР-ның Тұңғыш Президентінің Музейі (Астана қ.), ҚР-ның алтын музейі (Астана қ.), Мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі (Омбы қ.), РҒА Сібір бөлімшесінің археология және этнография институты, Ә. Марғұлан атындағы археология институты, Мемлекеттік Орталық музей, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен қалаларының өлкетану музейлері серіктестері болып табылады.
Ақпарат көзі: Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музейінің ресми сайты - http://www.pavlkraimuz.kz