Мәдени – бос уақытты ұйымдастыру мекемелері
 

«Шаңырақ» облыстық қазақ халық шығармашылығы және мәдени - сауық қызмет орталығы 1999 жылы Теміржолшылар Мәдениет үйінің ескі ғимаратында ашылды. Орталық қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, салттарын және тілін насихаттау мақсатында құрылған. Шығармашылық қызметін орталықтың ұйымы 2000 жылдың қаңтар айында бастады.

«Шаңырақта» ұлттық ұжымдар құрылып, жұмыс жасайды: «Шаңырақ сазы» халықтық фольклорлық - этнографиялық ансамблі, «Томирис» «үлгілі» қазақ-шығыс би ансамбілі, «Жеңеше-ай» вокалдық триосы, эстрадалық вокалдық студия, домбырамен ән айту үйірмесі, домбыра тарту мектебі, «Жас толқын» жас ақындар үйірмесі, «Фантазия» үлгілік классикалық ансамблі, «Өнеге» домбырашылар триосы, «Пламя» вокалдық ансамблі (жетекшісі М. Пульга), «Замандас» ардагерлер клубы» және т.б.

«Томирис» «үлгілі» қазақ-шығыс би ансамблі. «Ақ көгершін» ІХ Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының 2 орын иегерлері, республикалық, облыстық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары, эстрадалық вокалдық студия солисті Мадина Сералинова «Алтын дауыс» байқауының екінші орын жүлдегері.

Мемлекеттік тілді насихаттауда оқушылар арасында өткен «Әй,жарайсың!» және мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «Тілге құрмет, елге құрмет» байқаулары есте қалды. «Шаңырақ» ойын – сауық орталығы жаңа жұмыс әдістерін іздеу үстінде: «Енелер мен келіндер», «Көктем аруы» байқауларын өткізді. Алғаш рет мектеп оқушылары мен жас ақындар арасында айтыс, мемлекеттік тілдегі шыршалар өткізіліп, «Ақ босаға» әйелдер клубы ашылды, 20 жылдан аса уақыт бойы «Ардагер» клубы жұмыс жасауда.

Ақпарат көзі: «Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты./Авт.-сост. Э.Д.Соколкин. – Павлодар: Сытин, 2016. - 708с.