1997 жылғы ақпанда Павлодар қаласы әкімі В.Пыхтиннің шешімімен Тракторшылар мәдениет сарайы қалалық мәдениет басқармасына беріліп Қалалық Мәдениет сарайы (ҚМС) деп атала бастады. 2008 жылы ҚМС – на қазақтың суырып салма ақына Естайдың есімі берілді.
Сарай күрделі жөндеуден өтті. Мұнда 1000 орынға арналған үлкен көрермендер залы, 120 орынға арналған кіші көрермендер залы, үйірме жұмысына арналған бөлмелер және А. Шиллер атындағы халық хорының бөлмесі бар. Жыл сайын орта есеппен алғанда Сарайда 430 – 450 көпшілік іс – шара өтеді. Бұл – әртістер мен музыкалық ұжымдардың, театрлардың, цирктардың гастрольдері, конференциялар, жиындар, әдеби кештер, тұсаукесерлер, мерейтойлық концерттер. Жыл сайын ҚМС – на 300 мыңнан аса адам келеді. ҚМС жанында «КТК» клубтар ассоциациясы, «Алтын дауыс - Песня года» фестивалі жұмыс істейді.
Сарайда 20 шығармашылық ұжым мен клуб жұмыс жасайды, олардың ішіндегі 10 клуб «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие:
А. Шиллер атындағы орыс әнінің халық хоры (1957 жылдан бастап)
Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық хоры (1981 жылдан бастап)
«Сувенир» халық ансамблі (1994 жылдан бастап)
Қазақ музыкалық аспаптарының халық оркестрі (2007 жылдан бастап)
«Аль-Аки» қазақ халық фольклор ансамблі
Украин халық хоры
«Меруерт» үлгілік ансамблі
«Фантазия» классикалық би үлгілік ансамблі (1980 жылдан бастап)
«Джамбо» спорттық би үлгілік ансамблі (1997 жылдан бастап)
«Школьные годы» балалар үрмелі аспаптар үлгілік оркестрі
«Проминь» жастар театры (2005 жылдан бастап)
«Вернисаж» сән театры (1985 жылдан бастап)
«Саулетай» балалар вокалдық ансамблі
«Hұp» би ансамблі
«Жаңа әуен» ансамблі
КТК клубтары, «Мирас» және «Традиция»
Радио және қазақ тілі үйірмелері
Фотостудия
Қалалық Мәдениет сарайы заманауи жарықтандыру және дыбыс аппаратурасымен жабдықталған, 2007 ж. Сарайда «Стэнвэй» еуропалық фирмасының жаңа роялі алынды. Жыл сайын балалар шығармашылығының фестивальдары өтеді: «Таң-Шолпан» облыстық фестивалі және «Балдаурен» респуб¬ликалық фестивалі, балалар киноклубы жұмыс істейді. Ресей әртістері мен әншілері жиі келіп тұрады, «Тамаша» және «Бауыржан-шоу» республикалық әзіл-ысқақ театрлары, цирк ұжымдары, ресейлік поп – жұлдыздар, республикалық классикалық және халық музыкасының орындаушылары өнер көрсетеді. ҚМС алдында кішкентай көпірі бар фонтан жасақталған. Сарай маңы сәулеттендірілген.
Ақпарат көзі: «Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты./Авт.-сост. Э.Д.Соколкин. – Павлодар: Сытин, 2016. - 708с.