Владимир Сергеевич Ширинкин - композитор-педагог және музыкант. Ресейдің Алтай өлкесінде дүниеге келді.
Володя Ширинкин бала кезінде Л.Утесов, К.Шульженко, Кеңес армиясының ән мен бидің Қызыл ту ансамблінің әндері жиналған пластинкаларды жинайтын. Оның әкесі сыйға тартқан гармошкасы болатын. Спортпен – жеңіл атлетикамен, гимнастикамен айналысты. Ата – анасы оған спорттық мансапты болжаған, ал ол өзінің ойын өзгертіп, ата – анасына музыкалық училищенің теория бөліміне түсетінін айтты. Бірінші курста оқып жүрген кезінде – ақ, бірінші әнін жазды.
1961 жылдан бастап Павлодарда тұрып, жұмыс істеді. 1959 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Затонда өзеншілер қорын, халық опереттасын жасауға қатысты. А.И. Шиллер халық хорының аспаптық тобын басқарды. П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде сабақ берді.
Владимир Сергеевич Ширинкин В.Семерьянов, С.Музалевский, В.Бутов, Е.Нуркенов, Д. Приймак және басқа да павлодарлық ақындардың өлеңдеріне 50 – ден аса ән жазды. Оның әндері республикалық радиода шырқалды, Рубцовска, Барнауыл, Омбы, Новосібір ұжымдарының репертуарына кірді.