Композитор, хормейстер, Павлодардағы орыс халық өнерінің алғашқы қорының ұйымдастырушысы және бірінші басшысы. Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1972 ж.).
Шиллер Эммануил (Александр) Иванович 1922 жылы Украинаның Одесса облысында Суворово ауылында дүниеге келді. 1930 жылдан бастап Одесса қаласында тұрды және оқыды. 1941 жылы теңіз училищесіне түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жас матрос портта жұмыс істеді, бірақ 1942 жылы тұтқынға түсіп, Германиядағы әскери зауытқа жіберіледі, бұл жерде 1945 жылға дейін жұмыс істеді. Бұрынғы тұтқын ретінде 1948 жылы Эммануил Иванович Новосібір облысының Колывань ауылына жіберілді. Осы ауылда әртүрлі жұмыстарды істеді, ауылдық кеңестің авторы Э. Шиллердің бойынша аккордеонда ойнау және ән айту қаблетін анықтады. Осы 1948 жылы ол ауыл клубының меңгерушісі қызметіне қабылданып, орыс әнінің хорын ұйымдастырды. Осы жерде Эммануил Иванович алғашқы әндерін жазды. Олардың бірі, «Привет тебе, Москва великая!».
1957 жылы Э.Шиллер Павлодар қаласына көшіп келіп, П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищенің кешкі бөліміне түсті. Оны «Октябрь» зауытына мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс істеуге шақырды, сол жылы хор ұйымдастырылды.
Эммануил Иванович ұйымдастырушылық қабілеті, дарыны бар халық әнінің белсенді насихаттаушысы бола тұра Павлодар Ертіс өңірінде ғана емес, басқа жақтарда да танымал. Оның әндері Қазақстан шығармашылығының алтын қорына енді.
Хор Мәскеу, Алматы, Киев, Омбы, Целиноград және басқа да қалаларда өнер көрсетті.
Жемісті еңбегі, облыстың, республиканың мәдени өміріне қосқан үлесі үшін Э.И.Шиллер «Тың жерлерді игеру үшін» (1959 жыл), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1967 жылы), «Айбынды еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» (1970 жыл) медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1973 жыл) марапатталған.
Э.И.Шиллерге Қазақ КСР – нің Жоғары Кеңесі Президиумы үкімімен 1972 жылғы 23 тамызда Қазақ КСР – ң еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді.
Эммануил Иванович Шиллер 1985 жылғы 28 желтоқсанда қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін хор ұжымына оның есімі берілді.