Әдебиетші, музыкатанушы, композитор, ПМУ профессоры, ПМПИ оқытушысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Бессарабия жерінде дүниеге келді. 1941 жылы отбасымен Қазақстанға жер аударған. Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Осы жерде оқып жүргенде Е. Брусиловскиймен тығыз байланыста болған. Ол оған музыкамен айналысуға кеңес берген. Бірақ Н.Г. Шафер әдебиетті таңдап алды. Шығыс Қазақстан облысында, Целиноградта (қазіргі Астана), Павлодар қалаларының мектептерінде сабақ беріп, Павлодар педагогикалық институтында қызмет еткен. 1965 жылы кандидаттық диссетация қорғаған. «Русская гражданская поэзия за 100 лет» тақырыбындағы докторлық жұмысын дайындау кезінде «Кеңес мемлекетінің құрылысы туралы жалған мәліметтерді таратқаны үшін» бір жарым жылға сотталды. Тек, 1989 жылы ғана ақталған.
Көп жылдар бойы Дунаевскийдің өмірі және шығармашылығымен шұғылданып келеді. 1988 жылы Мәскеуде «Дунаевский сегодня» атты кітабы жарық көрді. Ол И. Дунаевскийдің екі томдык хаттарын алғаш рет жарыққа шығарды. Көп жылғы қыруар жұмысының нәтижесі — «Исаак Дунаевский в гостях у Михаила Булгакова» атты күйтабағының шығуы. Зерттеу жұмыстарында М. Булгаковтың шығармашылығын насихаттау елеулі орын алады. Жазушының «Петр Великий» және «Рашель» драмалық шығармаларын алғаш рет жариялады.
Н. Шафер халықаралық Булгаков оқуларымен басқа да ғылыми конференциялардың қатысушысы больш табылады. Авторлық әндерді жинақтаушы және зерттеуші. «Кирпичики» (Қалалық орыс әндерінің 100 жылдық (1850-1950) антологиясы) күйтабағын шығарды. Қазір Павлодар пединституты қабырғасында орыс әдебиетінен сабақ береді. Жиырма мыңға жуық күйтабақтан тұратын бүкіләлемдік мәні бар туынды фонотекасын жинастырған.