Музыка өнері

Снаговский Петр Николаевич - музыкант, үрмелі аспаптар оркестрінің әскери дирижері, полковник. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1993 ж.).

Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласында дүниеге келді. Шымкент педагогикалық институтын бітірді (1973). 1974 -1976 жж. – әскер қатарында борышын өтеді. 20 жылдан артық уақыт бойы Павлодар қаласы әскери бөлімі үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін атқарды. Қазір Астана қаласында тұрады.