Михаил Николаевич Пульга Павлодар облысы Шарбақты ауданы Леонидовка ауылында туған. П.И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесінің халық аспаптар бөлімін бітірген (1965), балалар музыка мектебінің оқытушысы.
«Наш Казахстан», «Сары-Арқа», «Песня о Павлодаре», «Павлодарские фонтаны», «Павлодарочка», «Целинная сторонка», «Вспоминай о целине», «Ветераны», «Звонок старому другу», «Пламя памяти», «Солдатские мамы», «Судьба поэта» (памяти П. Васильева), «Люди, творите добро», «Если молод душой человек» әндерінің авторы, сондай-ақ «Звезда Прииртышья» газетіндегі мақалалардың және жарияланымдардың авторы.
1954 жылдан - Павлодар облысы Шарбақты кенті үгіт бригадасының жетекшісі. 1955 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (Моңғолия), солдат көркемөнерпаздарының жетекшісі. 1959 жылдан - Павлодар облысы Шарбақты кенті хорының және үгіт бригадасының көркемдік жетекшісі. 1962-1967 жылдары - өзеншілер хорының керкемдік жетекшісі (Павлодар қ.). 1965-1995 жылдары - №1 балалар музыка мектебінің ұстазы (Павлодар қ.). 1974 жылдан - «Голос юности» ансамблінің керкемдік жетекшісі және хормейстері (Павлодар қ.). 1968 жылдан - Павлодар қаласы медицина училищесі студенттік хорының керкемдік жетекшісі және хормейстері.
1984 жылдан бері - «Пламя» ер адамдардың халық ансамблін ұйымдастырушы, ҚР дербес зейнеткері.
Музыкалық қайраткерлер одағы облыстық бөлімшесі басқармасының мүшесі.
«Еңбек ардагері» (1985), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004) медальдарымен; БЛКЖО ОК «Тың жерлерді игергені үшін» белгісімен, БОКЛК белгісімен, ҚазКСР Мәдениет министрлігінің (1960), Павлодар қалалық атқару комитетінің (1970), Павлодар ағарту ісі қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті төралқасының (1981), Павлодар ағарту ісі қызметкерлері кәсіподағы қалалық комитетінің (1985), Павлодар облыстық Кәсіподақтар кеңесі төралқасының (1986), БЛКЖО Павлодар облыстық комитетінің (1986), ҚазКСР Кәсіптік-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің (1987), Беларусь КСР Кәсіптік-техникалық білім беру мемлекеттік комитетінің (1987) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚазКСР Мәдениет министрлігі және Кәсіподақтар кеңесі (1960), ҚазКСР Кәсіптік-техникалық білім беру Мемлекеттік комитеті (1974), Павлодар облыстық Кәсіподақтар кеңесі (1975), Соғыс ардагерлерінің кеңестік комитеті (1985), КСРО Композиторлар одағы (1987) дипломдарының иегері. I Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің (1976), II Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің (1987) лауреаты. Павлодар қаласының Құрметті азаматы (2000). Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990).