Ордабаев Қаржаубай 1947 жылы Павлодар облысы Екібастұз маңындағы Талдықамыс ауылында дүниеге келді. Қазақ фольклор өнерінің орындаушы шебері. Естай Беркімбаев атындағы алғашқы республикалық халық әншілері байқауының лауреаты (1989, Алматы), Естай Беркімбаев атындағы байқау (1993, Павлодар) қатысушысы, Бұқар Жырау атындағы байқаудың арнайы сыйлығының иегері. Еңбек жолын 1970 жылы Павлодар облысының Өлеңті совхозында тракторист, механизатор болып бастады. Еңбектегі жетістіктері үшін шетелдік сапарлармен марапатталған. Әлемнің 9 еліне саяхат жасады. Еңбектегі жетістіктері үшін Қызыл Ту Орденімен (1973), Қазан төңкерілісі орденімен марапатталды (1979).