Музыка өнері

1919 жылы қазіргі Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Актер, домбырашы, Қазақ КСР – нің халық әртісі (1967 ж.), Қазақ КСР – нің халық әртісі (1976 ж.). Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Әнші, күйші, домбыра жасау шебері болған әкесінен домбырада ойнауды үйренді. 1935-1937 жж. Ленинград музыкалық училищесінде оқыды. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын домбыра сыныбы бойынша бітірді. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің декедасына қатысты (1958).

1934 ж. – күйші - домбырашы, домбырашылар тобының концертмейстері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің домбырашысы. Оркестр құрамында ТМД елдеріне және шетелге гастрольге барды. Репертуарында: Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және т.б. композиторлардың күйлері.