Музыка өнері

Кәсіби композитор, педагог, КСРО Композиторлар кеңесінің мүшесі (1961), ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Украинаның Луганск облысында дүниеге келді. 1941 жылы Уралға отбасымен бірге жіберілді. Свердловск облысының Краснакутск қаласында тұрды.

1947 - 1997 жылдары Павлодар қаласында тұрды. 1957 жылға дейін скрипкашы, кейін Павлодар облыстық драма театрының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1960 жылы Құрманғазы атындағы қазақ музыкалық консерваториясын басқарды. Павлодарда музыкалық училище ашылған соң оқытушы болды. Училищеде симфониялық, кейін эстрадалық оркестр ұйымдастырды. Павлодарда өткізілген музыкалық шараларға белсенді қатысты. 15 жылдың ішінде «Орион» фотоклубын басқарды. 100 – ден аса музыкалық туындының авторы, соның ішінде бірқатар симфониялық поэмалар мен әндердің авторы (1962 ж.). 1997 жылдан Германияда тұрды.