Музыка өнері

Владимир Николаевич Линчевский - музыкант, Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1979 ж.).

1942 жылы Павлодарда дүниеге келді. П.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесін (1963) және Алматы консерваториясын тәмамдады (1968). 1967-1968 жж. – Павлодар музыкалық училищесінде оқытушы – музыкатанушы. 1968-1972 жж. – облыстық филармонияның көркем жетекшісі. 1972-1984 жж. – И. Байзақов атындағы облыстық филармония директоры. 1984 жылдан бастап Мәскеуде тұрады.