Грузияда дүниеге келді.
Павлодарда 1948 жылдан бастап тұрады. Сібірге эвакуацияланды. Музыкатанушы, педагог, скрипкашы, ұйымдастырушы және 1959-1965 жж. П.И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесінің бірінші директоры. Бірінші балалар музыкалық мектебінің оқытушысы және директоры.
30 жылдардың басында Тбилиси консерваториясында оқыды. Кейін оны Ленинград консерваториясына оқуға жіберді. Ленинградта М. Горький атындағы Мәдениет Үйінінің музыкант педагогы болып, кейін педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтында профессор Л.М. Сигалдың ассистентті болып қызмет атқарды.
1948 жылы Павлодарға Г. Балтердің өтініші бойынша көшіп келді. №1 балалар музыкалық мектебінде скрипка сыныбы бойынша педагог болып істеді. 1955 жылдан Г.Э. Кромер №1 балалар музыкалық мектебінің директоры. 1949 жылдан бастап халыққа арналған музыкалық лекторий қызмет ете бастады. Мұнда педагогтар мен музыкатанушылардың екінші буыны жұмыс істеді: Ю.Я. Шаляпин, В. И. Ботов, Л.П. Малинина және т.б. Олар «Білім» қоғамының лекторлары құрамына енді.
1959 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 60 адамға арналған музыкалық училище ашу туралы үкімет қаулысы шықты.
1959 жылдың 1 шілдесінде Г.Э. Кромер музыкалық училищенің бірінші директоры болып тағайындалды. Қыркүйек айында училищеге П.И. Чайковский есімі берілді.