Музыка өнері

Байымбет Қожабаев Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылында дүниеге келді. Қазақ КСР Халық әртісі (1998), Абай атындағы Мемлекетік Академиялық опера және балет театрының солисті.

1968-1970 жж. Мәскеу консерваториясында дайындық курстарында оқыды, Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы вакал факультетін бітірді (1979). 1983-1987 жж. Кеңес армиясы солтүстік әскерінің ән және би ансамблі құрамында болды. 1990 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік университетте халық музыкасы бойынша дәріс курсын оқиды. 1991 жылдан бастап - Т.Жүргенев атындағы театр және өнер институтында аға оқытушы, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда, республикалық эстрадалық – цирк училищесінде дауыс қою бойынша оқытушы.