Кехтер Валерий Николаевич Қарағанды қаласында дүниеге келді. Музыкант, скрипкашы, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1991). 1963 жылдан бастап Павлодар музыкалық училищесінде және облыстық филармонияда жұмыс істеді. 1973 жылдан филармонияның камералық оркестрін басқарды. Қазіргі уақытта Германияда тұрады.
Әртіс, скрипка сыныбы бойынша педагог Наталья Захарчуктың естелігінен: «Оқушыға кәсіби және мейірімді ұстаздардан тәлім алу аса маңызды, мен өзім тамаша мұғалім Кехтер Валерий Николаевичке баруды сұрадым. Ол әрбір сабаққа сүйіспеншілік, шеберлігі және кәсіпқойлығын салған! Сахнада көп рөлдерді ойнады, әр қозғалысында шабыт сезілетін. 1988 жылы ол И. Байзақов атындағы облыстық филармония негізінде камералық оркестр құру туралы шешім қабылдады. Үздік музыканттар арасында мен де, үшінші курс студенті болдым. Әрбір жаттығуға таңданатынмын, менің кәсіби деңгейім көтерілді. Валерий Николаевич адамдарды біріктіре білді, шығармашылыққа шабыттандырды».