Талғат Баритұлы Кәрімов 1972 жылы Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келді. Музыкант, домбырашы, педагог және дирижер.
2007 жылдың шілдесінен бастап – қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері және көркемдік жетекшісі. 2012 жылы оркестр И. Байзақов атындағы шығармашылық ұжымдар құрамына енді. 2015 жылы оркестр Т.Б. Кәрімованың басшылығымен «Білім және Мәдениет» республикалық телеарнасының «Ғасырлар пернесі» республикалық тележобаның түсірілімдеріне қатысты (Алматы қ.). 2016 ж. «Жұбанов көктемі - 2016» Халықаралық халық аспаптары оркестрлері және ансамбльдері байқауына қатысты. Байқау нәтижелері бойынша Павлодар облыстық филарманиясының халық аспаптары оркестрі жүлделі орын алды.
Республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты, Павлодар облысы әкімінің, Білім беру және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Италия, Франция, Австрия, Қырғызстанда өткен концерттерге қатысты.