Музыка өнері

Мадина Қайырбеқызы 1950 жылы Павлодар облысының Железі ауданында дүниеге келді. Педагог – музыкатанушы И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония камералық оркестрінің басшысы. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. П.И.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Педагогикалық және шығармашылық қызметпен бір уақытта айналысады. Музыкалық колледжде оқытушы. Түлектері облыстық филармония камералық хорында еңбек етуде. Камералық хордың мақсаты – қазақ хор мәдениетін насихаттау. Алғашқы күннен – ақ хор қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысуда. Хор бірнеше мәрте фестивальдар мен байқаулардың лауреаты.