Музыка өнері

Виктор Петрович Денисенко 1947 жылы Қостанай облысында дүниеге келді. 1967 жылы музыкалық училищені және Қарағанды педагогикалық институтын бітірді. 1965 жылдан бастап Қарағанды қазақ музыкалық драма театрының әртісі.

1971 жылдан Павлодарда тұрып, жұмыс істейді. П.И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесінің оқытушысы. 1972 – 1973 жылдары Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеді. Әскерден кейін – педагог, 1986 жылдан училище директоры, 1996 жылдан музыкалық колледж директоры, 2011 жылы зейнеткерлікке шыққан соң мұғалім болып қала берді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2011).