Опера әншісі. «Астана Операның» жетекші солисті. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маргарита Леонидовна Дворецкая 1966 жылы Павлодарда дүниеге келді. 1997 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын бітірді. Тағылымдамадан Мариин театрында өтті. 1997- 2000 жж. вокал шеберлері Ренат Скотто, Ирина Архипова, Елена Образцова, Мати Пальм, Грайр Ханеданьяннан шеберлік сыныбын өтті. 2002 жылдан бастап К.Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті.
Жас опера әншілері байқауының дипломанты (Санкт-Петербург, 1997). М. Глинки атындағы халықаралық байқаудың лауреаты (Челябинск, 2000). К. Байсейітова атындағы республикалық орындаушылар байқауының лауреаты (Астана, 2001). Репертуарында: Татьяна («Евгений Онегин» П. Чайковского), Лиза («Пиковая дама» П. Чайковского), Мими («Богема» Дж. Пуччини), Чио-Чио-сан («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Тоска («Тоска» Дж. Пуччини), Аида («Аида» Дж. Верди), Купава («Снегурочка» Н. Римского-Корсакого), Любка («Семен Котко» С. Прокофьева), Турандот («Турандот» Дж. Пуччини), Леонора («Сила судьбы» Дж. Верди), Леонора («Трубадур» Дж. Верди), Феврония («Сказание о неведомом граде Китеже» Н. Римского-Корсакого), Кума («Чародейка» П. Чайковского), Елизавета («Тангейзер» Р. Вагнера) Лиза Бричкина («А зори здесь тихие» К. Молчанова), Катерина Измайлова («Леди Макбет» Д. Шостаковича).