Анатолий Владимирович Бычков Павлодар облысы қазіргі Ақсу қаласында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның халық әртісі (1986).
Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1955). 1955 - 1962 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1962 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен (1982) шұғылданды. 1968 - 1973 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасының орынбасары. Бычковтың «Дала арайы» (1967, Е.Рахмадиев және Г.И. Гризбилмен бірге) операсы, «Сәкен туралы аңыз» симфониялық поэмасы (1963), «Ақын әні» (1958, сөзі Жамбылдікі), «Соғыс әндері» (1967), «Жоқтау» (1975) атты симфонялық оркестрге арналған вокалдық және хор циклдері, ән-романстары, т.б. бар. Музыкалық шығармалары «Бұл біздің ұлымыз» (1958), «Тыныштық» (1959), «Ана туралы аңыз» (1962), «Ботагөз» (1967), т.б. кинофильмдердің музыкасын жазды.