Әбусейітов Суат қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Әнші, Қазақстанның халық әртісі (1981).
Алматы консерваториясын бітірген (1949). 1949 — 1955 жылдары «Қазақфильмде», 1955 — 1963 жылдары Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақтелевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды. Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы «Екі жирен» немесе «Жеңеше» әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының «Тербеледі тың дала», «Алатау», «Баянауыл», «Ауылым», орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды. 1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Есімі Павлодардағы өнер мектебіне берілген.