Хафиза Абугалиева 1926 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келді. Әнші, кино актриса, ақын, музыкант, «Қазақконцерт» жүйесінде әндер мен романстар орындаушы. Павлодар қаласының педагогикалық училищесін (1943), П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінің вокал бөлімін (1948) бітірді.
Еңбек жолы «Қазақконцертпен» тығыз байланысты. Хафиза Абугалиева әнші – музыкант, халық композиторы Майра Шамсутдинова шығармашылығын жалғастырушы болып табылады. ТМД және әлемнің көптеген елдеріне барды: Қытай, Үндістан, Монғолия. Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасы кезінде Кремль сахнасында өнер көрсетті (1958). Дели қаласындағы этнографиялық концертте Б. Байқадамованың «Ертіс вальсы» әнін қазақ және үнді тілдерінде орындады. Ұлттық музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісімен», Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталды.