Опералық әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі (1994) Әбілев Шахимардан Қайдарұлы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Арбиген ауылында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны тәмамдады (1981).
Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі (1989). 1989-1997 жылдары вокалды-опералық дайындау факультетінің деканы, ал 1997 жылы Құрманғазы атындағы Консерваторияда ән айту кафедрасының меңгерушісі. Одессадағы Лысенко атындағы байқау және Львовтағы Соломин Крушельницкий атындағы байқау қазылар алқасының мүшесі. Әнші репертуарында 500 – ден аса шығармалар бар - ариялар, романстар мен қазақ және шетел сазгерлерінің әндері. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің (Абай), П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» (Онегин), Моцарттың «Колокольчик» (Анибаль) және «Фигароның үйлену тойы» (Фигаро), Ғ. Жұбанованың «Еңлік-Кебек» (Абыз. Есен) және т.б. рөлдерінде ойнады. Англия, Түркия, Франция, Иран, Польша, Моңғолия, Корея және ТМД елдерінде гастрольде болды. Ұлы ақын Абайдың 150-жылдығына орай Мәскеу, Лондон, Париж және республика бойынша жеке концертімен барып шықты.
1998 жылы Ш. Әбілев жас музыка дарындарына көмек көрсету үшін қоғамдық қор құрды. 1998 жылдан бастап Павлодар қаласында «Шахимардан достарын шақырады» опера – балет өнері фестивалі өтеді. 2002 жылы Қазақстан өнер қайраткері ретінде Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 2006 жылы ҚР Үкіметінің жарғысымен «Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы мемлекеттік сыйлық» алды.