Музыка өнері
 

Халық суырып – салма ақыны және қоюшы - режиссер. Павлодар облысы қазіргі Аққу ауданында 1889 жылы дүниеге келген. Музыкамен жастайынан әуестенген. Ән шеберлігін Ақбай ақыннан үйренген. 1917 жылдан кейін Семейлік губерниялық сотының іс-қағаздар жүргізуші - хатшысы. 1923 жылдан бастап - Омбы, Семей, Павлодар ұйымдастырушы органдарының түрлі кызметтерінде қызмет атқарды. Барлық той-думандарда қолына домбыра алып ортаға шығып жүрген. 1929 жылдан бастап Алматы қаласында тұрып, жұмыс істеген. Қазақ драма театрында «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» және т.б. түрлі қойылымдарға қатысқан. «Қорлан», «Үш дос», «Юран» халық әндерін орындаушы. Репрессияға ұшыраған, ақталған.