Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Өлкетанушы, фотограф, суретші, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Павлодар қаласының құрметті азаматы. Лагутин Иван Васильевич 1913 жылы Самара губерниясының Александров-Гай ауылында дүниеге келген. 1920 жылдан бастап Павлодарда тұрған. Бала кезінен бастап сурет салуды ұнататын. Оқытушысы, суретші В.П. Батурин болды. 1929 жылы Алматы ауылшаруашылық институтының жұмысшылар факультетіне түсті, кейін агрономия факультетінің студенті. Алматыда жүріп, профессор Александр Васильевич Чаяновпен танысты. 1935 ж. Песчанка орта мектебінде мұғалім болып қызмет етті. 1936-1939 жж. Смоленск облысында жұмыс істеді.

1939 жылы Лагутин әскер қатарына шақырылды, соғыс кезінде Карелия және Ленинградта Отанын қорғады, 1945 жылы армия қатарынан шықты. 1939-1941 жылдары Ленинградта С.М.Киров атындағы әскери – көркемсурет студияға барып жүретін. Павлодар облыстық көркемсурет музейінде майдандағы суреттері, портреттер сақталуды.

1947 жылы Д.П. Багаевтың шақыруымен Иван Васильевич Лагутин облыстық тарихи өлкетану музейіне орналасты. 1958 - 1966 жылдары музейді басқарды.

1958 жылдан бастап Павлодарда алғашқы көркемсурет көрмелерін ұйымдастырды, өлкетану музейінің жанында көркемсурет бөлімін ашты. Кейін 1964 жылы осы бөлімнің негізінде Павлодар көркемсурет музейі ашылды.

Музей қорында оның 80 – нен астам жұмыстары сақталуда. Әрқайсысы ерекше, келушілерді баурап алады.

2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «За Победу над Германией» медалімен, «Парасат» орденімен марапатталған.