Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Людмила Васильевна Шевелева - Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағатының директоры (1976-2008), мұрағатшы, мұрағат ісінің үздігі (1987), педагог.

1945 жылдың 12 наурызында Омбы облысы Шарлақ ауданының Елизаветинка ауылында дүниеге келді. 1966 жылы А.М. Горький атындағы Омбы мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Үлестірім бойынша Омбы облысы Таврический ауданының Звонарёвскутский орта мектебіне жіберіліп, төрт жыл бойы тарих мұғалімі қызметін атқарды.

1970 жылдың тамызында Павлодарға көшіп келді. Мұрағатқа жұмыс істеуге орналасты. 1976 жылы облыстық мұрағаттың директоры қызметіне тағайындалып, зейнетке шыққанға дейін осы лауазымда қызмет атқарды (1976-2008). Оның басшылығымен 1976 жылы мемлекеттік мұрағатта жоспарлы тақырыптық қорларды жасау басталды, аса маңызды қорлар мен істердің тізімдері жасалды, бірегей және аса маңызды істерді есепке алу журналдары жүргізіле бастады, Республикада алғашқы рет істерді картонды қораптарда сақтауға көшу басталды, «Павлодар Ертіс өңірінің әйелдері» буклеті шығарылды.

70 – жылдары көптеген бастаулардың негізі салынды. Ұлы Отан соғысы қатысушылары құжаттарын жинау және ғылыми сипаттау басталып, «Революцией призванные», «Подвиг продолжается» буклеттері шығарылды, он сериялық «Великая Отечественная» радиобағдарламасы дайындалды, эфирге кеңес мұрағат ісінің 60 жылдығына арналған 45 минуттық «Там, где хранится история» телебағдарламасы шықты. 1979 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты республика мұрағат мекемелерінің арасында бірінші орын иеленіп, Құрметті ауыспалы жалауша алды.

80 – жылдары Ауғаныстан Демократиялық Республикасында әскерлердің шектеулі контингенті құрамына енген интернационалист-жауынгерлер құжаттарын жинау және сипаттау бойынша жұмыстар басталды, «Павлодарская область - 50» буклеті шығарылды, мемлекеттік мұрағат үшін анықтаманың жаңа түрі – Ұлы Отан соғысы жылдарында Павлодар облысы Мемлекеттік мұрағатының қор аралық көрсеткішін дайындау бойынша жұмыстар басталды. 1984 жылы облыс мұрағат мекемелері КСРО – дағы Халықаралық мұрағаттар апталығына қатысты.

90 – жылдары сандық форматтағы құжаттар пайда болды, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістері енгізілді, бірақ мұрағатшылардың ең басты мақсаты сол қалпында қалды - құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, ҚР Ұлттық мұрағат қорының сапалық қалыптастырылуы.

Осы кезеңде Ақсу, Баянауыл, Ертіс шаруашылық есептегі мұрағаттары, жеке құрам бойынша Павлодар қалалық мұрағаты ашылды, Баянауыл ауданына тарихи – этнологиялық экспедициясы өтті, Павлодар облысының Мемлекетік мұрағаты және оның филиалдары қорлары бойынша Жолсілтеме жарыққа шықты, алашқы рет ғылыми – техникалық құжаттарды каталогтандыру басталды, 1940 – 1946 жылдар аралығында Павлодар облысының аумағында өмір сүрген Польша азаматтары туралы мәліметтерді іздеу ұйымдастырылды, эвакуацияланған поляктардың 3809 карточкадан тұратын алфавиттік картотекасы құрастырылды.

2000 – жылдары «История немцев Казахстана в региональном аспекте» Халықаралық ғылыми – практикалық семинарға қатысты, облыс мұрағатшыларының тарихшы – мұрағатшы, «Қазақстанмен мәдени және іскерлік ынтамақтастық қоғамының» президенті И.И. Немировскаямен (Кун) кездесу, Астана қаласында «Рухани бірлестік конгрессі» Халықаралық Мұрағаттар Кеңесінің мерейтой сессиясы ұйымдастырылды, «1938 – 2008 жылдардағы Павлодар облысының хронографы» шығарылды.

Жақсы кәсіби және теориялық дайындық, үлкен жұмыс тәжірибесі, ерекше ұйымдастырушылық қабілеттері бола тұра, Л. В. Шевелёва оларды облыс мұрағат ісінің маңызды мәселелерін шешуде дұрыс қолдана білді. Ол құжаттардың сақтығын қамтамасыз ету үшін, оларды көпжақты пайдалануды ұйымдастыру, облыс архив мекемелерінің жұмыс стилінің және әдістерінің жақсартылуы, олардың қызметтерінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін көп еңбек етті.

Жұмыс жылдарында Л.В. Шевелёва бір емес бірнеше мұрағатшылар ұрпақтарын тәрбиеледі. Людмила Васильевна әріптестерімен, мемлекеттік қызметкерлермен, Павлодар қаласы оқу орындарының студенттерімен өз білімдерін бөлісті. Оның құжаттама және мұрағат ісі саласындағы тәжірибесі өте қажетті болып шықты. Ол Павлодар аймағының басқару мектебінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған сабақтар жүргізіп, жас мұрағатшылармен білім бөлісті, Павлодар агроөнеркәсіптік техникумында іс жүргізушілерді оқытты, С.Торайғыров атындағы ПМУ және ИнЕУ студенттері, болашақ тарихшыларға облыс мемлекеттік мұрағатында өндірістік тәжірибе ұйымдастырды.

Л. В. Шевелёва Павлодар облысында мұрағат ісінің дамуына үлкен үлес қосты. Бұл мұрағатты басқару, ғылыми, әдістемелік, зерттеушілік жұмыстар. Көптеген кітаптар мен құжаттар жинақтары шығарылды. Л. В. Шевелёва - «Павлодарцы в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945», «Павлодарская область: страницы истории», «Здравоохранение Павлодарского Прииртышья в документах», «Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском Прииртышье 1919-1999», «Хроника целины: Павлодарская область. 1953-1964 годы», «Земля Успенская», «Комсомол: документы, цифры, факты», «Экибастуз в документах. 1957-2006», «Яков Геринг: Вся моя жизнь для людей», «Нас породнила Качирская земля», «Книга скорби. Расстрельные списки», «Забвению не подлежит» құжаттар жинақтарын, «Государственный архив Павлодарской области и его филиалы» жолсілтемесін құрастырушы, республикалық журналдар мен бюллетендерде, облыстық және аудандық газеттерде көптеген мақалалардың, ғылыми жұмыстардың, мұрағаттану және құжаттама бойынша әдістемелік нұсқаулардың, тақырыптық шолулардың авторы.

Людмила Васильевна зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істеуді жалғастыруда. Павлодар облысының тарихы, біздің танымал жерлестеріміз туралы: «Илья Ноздрин: труженик и хозяин», «Поклонимся великим тем годам. 1941-1945», «Край Железинский», «Георгий Берестовский: ученый с мировым именем», «1924-1937 гг. в истории Павлодара» кітаптар шығарылды. Бұл басылымдар библиографиялық сиректік болып табылады.

Өзінің мінсіз еңбегі мен ісіне қызметі үшін Л.В. Шевелёва «Русской Православной Церкви Святой Равноапостольной Великой Княгини Ольги III степени» орденімен (2002 ж.), көпжылдық мінсіз еңбегі үшін ҚР Президентінің Алғысымен (2001 ж.), «Еңбек қайраткері» медалімен (1986.), «КСРО мұрағат ісінің үздігі» омырау белгісімен (1987 ж.), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Құрмет грамотасымен (2002 ж.), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің дипломдарымен, «Мұрағат құжаттарын басып шығару» номенациясы бойынша құжаттама және мұрағат ісі саласындағы үздік ғылыми жұмыстардың Республикалық байқауында бірінші орын алғаны үшін «ҚР мұрағатшыларының қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің дипломымен (2001 ж.), Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2005 ж.) марапатталды. Оның есімі ҚазКСР Басмұрағатының республикалық Құрмет кітабына енгізілді.