Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Мария Серафимовна Тереник – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, тарихшы – өлкетанушы, Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері, Павлодар қалалық маслихаты 2 шақырылымының депутаты (1999-2003 жж.), Павлодар қ. Құрметті азаматы. Мария Серафимовна қазіргі РФ Новосібір облысының Колыван ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді (1951 ж.), Павлодар педагогикалық училищесінде тарих мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары (1951-1959 жж.), инструктор (1959-1962 жж.), аспирант (1962-1965 жж.), аға оқытушы, доцент, Павлодар индустриалды институтында тарих кафедрасының доценті, ПИИ ҒӨБ ғылыми қызметкері (1965-1991 жж.) қызметтерін атқарды.

Жергілікті басылымдарда өлкенің тарихы, революциялық қозғалыс, партия, комсомолдар туралы 400 – ден аса мақалалар шығарды. 20 кітап пен брошюралардың «Степан Царев» (1971 ж.), «Жизнь и подвиг узника Бухенвальда Григория Екимова» (2000 ж.), «Валентин Смушков: наказание без преступления» (2000 ж.), «Павлодарцы на полях сражений» (2000 ж.), «Командир крейсера «Аврора» на Иртыше» (2001 ж.), «Павлодар: это нашей истории строки», 1 басылым (2000 ж.), «Павлодар: это нашей истории строки», 2 басылым (2001 ж.), «Дорогами ГУЛАГа» (2001 ж.), «В помощь члену кооператива собственников квартир» (3 басылым (1998 ж., 1999 ж., 2000 ж.)) авторы, «Очерк по истории комсомола Павлодарщины» (1958 ж.), «Наш Павлодар» (1970 ж.), «Борцы за советскую власть в Казахстане» (1987 ж.), «Забвению не подлежит» (1977 ж.), «Павлодарский индустриальный институт» (1983 ж.) және т.б. шығармалардың авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен (1981 ж.), медальдармен, грамоталармен марапатталды. КСРО Журналисттер кеңесінің облыстық бөлімі сыйлығының лауреаты (1988 ж.), Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау Қазақ қоғамының құрметті мүшесі (1990 ж.), Павлодар индустриалды институтының Құрмет кітабына мәңгілікке енгізілді (қазіргі уақытта С. Торайғыров атындағы ПМУ), Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды (2001 ж.).