Эрнест Дмитриевич Соколкин – тарихшы, өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті тұрғыны, Қазақстанның құрметті мәдениет қызметкері. Ресей Федерациясы Псков облысының Себеж қаласында туған. 1955-1958 жылдары әскер қатарында қызмет етті. Әскерден кейін Павлодар қаласына келді. 1958-1967 жылдары Павлодар қалалық радиоторабында электромеханик және кезекші болып жұмыс істеген. 1967 жылы Томск мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін сырттай бітірді. 1967 жылдан бастап облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында алғашқы кезде аға қызметкер, кейін мұражай директоры қызметтерін атқарды. 1968 жылдан бас қор сақтау қызметкері, 1990-1994 жж. директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, ал 1994 – 2002 жж. – мұражай қорының бас қызметкері болды.
Э.Д. Соколкин 40 жылдан астам Павлодар Ертіс өңірінің тарихын зерттеумен шұғылдануда. Ол көптеген мәліметтер мен деректерді жинақтады. ТМД елдері мұрағаттары мен кітапханаларында іздеу жүргізуінің арқасында мұражай қорында болмаған көптеген мәліметтер пайдалануға енді. Ол өлкетану құжаттарын жинап сақтады, аймақ туралы білімдерді белсенді насихаттаумен айналысты.
Зейнеткерлікке шыққаннан соң ол белсенді түрде «Павлодар география үйі» қоғамдық ұйымымен бірлесіп жұмыс жасауда.
Ол жергілікті мерзімді басылымдар беттерінде және Омбы, Семей, Тула, Алматы мен Мәскеуде, «Нива», «Советский музей» журналдарында, «Земля и люди» жинақтарында жарық көрген тарих бойынша көптеген мақалалар, очерктердің авторы. Э.Д. Соколкин — Павлодар қ. (1979 ж., 1987 ж.), облыс картасы (1984 ж.), Баянауыл аймағы (1976 ж.) туристік карта – сызбалары мәтіндерінің авторы. «Знакомьтесь, Павлодар» (1980 ж.) және «Павлодар» (1982 ж.) жолсілтемелерінің авторы. «География Павлодарской области» (1996 ж.) оқулығының авторласы, «Почетные граждане Павлодара» (2003 ж.) кітабының авторлас құрастырушысы. «Улицы нашего города» (2007 ж.), Павлодар қаласының ескерткіштері туралы - «В памяти поколений» (2014 ж.) кітаптарының авторы.
Э.Д. Соколкин өлкетану мақалалары үшін облыстық Журналистер одағының сыйлығымен марапатталды. Журналисттерге арналған облыстық П.З. Ермаков сыйлығының (1982 ж.), Павлодар қ. әкімі сыйлығының (1996 ж.) лауреаты. 2001 жылы ҚР Мәдениет министірлігінің «Мәдениет кайраткері» (ҚР мәдениеті құрметті қызметкері) белгісімен марапатталған. Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Байланыс, ІІБ, білім салаларында және оқушылар сарайының мұражайларын ұйымдастыруға, сонымен қатар В. Иванов, Д. Багаев, С.Торайғыров және т.б. мемориалды тақталарды орнату мен ашуға дайындыққа қатысты. Мәдениет ескерткіштері бойынша ономастикалық комиссияның мүшесі болып табылады.