Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Павел Ильич Оноприенко - Қазақстанның Құрметті журналисті, өлкетанушы, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы. Украинада туып-өскен. Оның еңбек биографиясы Қазақстанмен байланысты. Ол Акқу, Железі, Павлодар аудандық газеттерінде, «Целиноградская правда», 20 жылдай «Звезда Прииртышья» газетінде жұмыс істеді. Екібастұз қаласының қарқынды дамуы кезінде, мұнда КСРО-дағы ең ірі кешен бүкіл мемлекетке атақты Екібастұз жылуэнергетика кешені құрылғанда меншікті тілші болып жұмыс істеген. Сол жылдардағы Екібастұздың шарықтап өрлеуінде П.И.Оноприенконың да сіңірген еңбегі орасан, өз материалдары арқылы көп мәселелерді көтеруге және шешуге ат салысты. Оның материалдары өзекті және көкейкесті болды. Ол қалалық «Заветы Ильича» газетінің негізін қалаушылардың бірі (қазіргі «Голос Экибастуза»), онда 10 жыл бас редактор қызметінде болып, екібастұздықтарға беделді, сыйлы және оқырмандарына сүйікті газетке айналдырған. Ол қайсар өлкетанушы, археологиялық экспедицияларға қатысты, Екібастұз аймағының археология, тарих, этнография  салалары бойынша ондаған очерктер мен мақалалардың авторы. 2010 ж. Павел Ильичке Екібастұз қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.