Археолог, тарихшы, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты. 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. 1984-1988 жылдары Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кіші ғылыми қызметкер, 1988-1992 жылдары тарих және өлкетану мұражайының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1992-1998 жылдары Облыстық мәдениет басқармасында тарихи-мәдени мұраны қорғау және қалпына келтіру мемлекеттік инспекциясының жетекші маманы. 1998-2000 жылдары Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды.
2001 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, археологиялық экспедициялардың басшысы. Екібастұз, Лебяжі және Шарбақты аудандарында палеолит және неолиттік тұрақтарының, сондай-ақ, қола дәуірінің зираттарын және қоныстарды зерттеген. 80 – ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы.