Өлкетанушы, географ, экономист. 1917 жылы Башқұрт АССР - ның Бирск қаласында туған. 1935 жылы Бирск педагогикалық техникумын, 1941 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. Павлодар және Семей облыстарында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алматы қаласындағы орта мектепте мұғалім, 1951 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының география секторында кіші ғылыми қызметкер, 1963-1973 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтында халық және еңбек ресурстары секторының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1955-1957 жылдары тың жерлерді игеру кезінде жұмыс күшін және халық санын зерттеу үшін Павлодар Ертіс өңірідегі бірнеше ғылыми экспедицияларға қатысты. Қазақ және украин энциклопедияларына, Қысқаша географиялық энциклопедияға бірқатар энциклопедиялық мақалалар жазды. Медальдармен марапатталған.