Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

1947 жылы Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Гайдук ауылында дүниеге келген. Мәдениет қызметкері, музейтанушы. Алматы гидромед мектебін (1970), Павлодар педагогикалық училищесін (1977) және Шымкент мәдениет институтын (1986) бітірді. Еңбек жолын 1963 жылы Ақтоғай ауданының байланыс орталығында бастады. 1965-1970 жылдары «Краснокутская» метеостанциясының гидрометеорологы, 1986-1994 жылдары «Строитель» МҮ директорының орынбасары, директор міндетін атқарушы, 1994-1998 жылдары қалалық мәдени-сауық орталықтың көркемдік жетекшісі, 1998 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Павел Васильев атындағы музей-үйдің директоры қызметтерін атқарды. Ильичев ауданының халық депутаттары кеңесіне сайланды.

Облыстық және республикалық газеттерде, «Простор» (2002) және «Сибирские Огни» (2004) журналдарында бірқатар мақалалары жарияланған. Оның қатысуымен С. Музалевский мен П. Гусевтің өлеңдер жинақтары дайындалды және жарияланды.

Облыс әкімдігінің және мәслихаттың дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды.