Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Ксения Иосифовна Величко 1929 жылы Ленинград қаласында дүниеге келді. Тарихшы-этнограф, өнертанушы, мәдениет қызметкері. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірді (1952). Еңбек жолын 1952 жылы Буқара облыстық тарихи-өлкетану мұражайында халық шығармашылығы кафедрасының меңгерушісі қызметінен бастады. 1954 жылдан бастап Ленинградта КСРО Халықтары Мемлекеттік этнография мұражайының штаттан тыс зерттеушісі, 1955-1956 жылдары - Қазан төңкерісінің және әлеуметтік құрылыстың мемлекеттік мұрағатының ғылыми қызметкері. 1956 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрды. 1956-1957 жылдары Павлодар облыстық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері, 1964 жылдан бастап - облыстық көркемсурет мұражайының басты сақтаушысы, 1970-1984 жылдары - Кеңестік өнер облыстық мұражайының директоры қызметтерін атқарды. «Білім» қоғамының өңірлік ұйымының мүшесі болды. Медальдармен және грамоталармен марапатталды.