Вера Дмитриевна Болтина – тарихшы, мұрағатшы, ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1985), Мұрағат ісінің үздігі (1988). Вера Дмитриевна 1947 жылдың 1 тамызында РФ Орынбор облысы Орск қаласында туған. 1972 жылы Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағат институтын бітірген.
Мұрағат мекемелерінде 1966 жылдан бастап жұмыс істеген. 1973 жылы Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының директоры қызметіне ауыстырылды. 1976 жылы облыстық мұрағат басқармасының жетекшісі, 2000-2008 жж. аралығында Павлодар облысында Архивтер департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.
Вера Дмитриевна – Павлодар Ертіс өңірінің тарихы, мұрағаттары және құжаттамасы туралы көптеген мақалалардың авторы. Авторлас бола тұра ол облыс тарихын зерттеуде маңызды орын алатын жинақтар құрастырды. Соның ішінде, «Из истории Русской Православной Церкви в Павлодарском Приртышье 1919-1990» (1999), «Из истории ислама в Павлодарском Прииртышье 1919-1999 гг.» (2001), «Здравоохранение Павлодарского Прииртышья в документах 1892-2002 гг.» (2002) деректі құжаттар жинақтарының, «Забвению не подлежит» (1997), «Книга скорби. Расстрельные списки» (1999), «Павлодарская область: страницы истории. 1938-2003 гг.» (2003), «Павлодарцы в годы Великой Отечественной. 1941-1945» (2005); «Земля Успенская» (2005), «Яков Геринг: вся моя жизнь для людей» (2007), «Нас породнила Качирская земля (2008), «Павлодар облысының хронографы. 1938-2008» / «Хронограф Павлодарской области 1938-2008» (2008), «Илья Ноздрин: труженик и хозяин», «Поклонимся великим тем годам. 1941-1945» (2010), «Край Железинский» (2010), «Георгий Берестовский: ученый с мировым именем» (2011) кітаптарының және т.б. авторласы.
1991 жылы В. Болтина «Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары» көрсеткішінің жауапты редакторы және құрастырушысы, «Немыслима без архива жизнь» (2005) кітабының авторы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен (2005), Орыс Православ шіркеуінің Ұлы княгиня Ольганың ІІІ-дәрежелі орденімен (1999) марапатталған.
Қазақстан Pecпубликасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің және Республикалық «ҚР Мұрағаттанушылар қоғамдастығының» құжаттама және мұрағатты басқару Комитетінің Дипломына республикалық байқауда құжаттану және мұрағат ісі облысында «Мұрағат құжаттарын жариялау» номинациясында лайық деп танылып (2001), дипломмен марапатталды. «Звезда Прииртышья» газетіндегі облыс тарихы туралы материалдар топтамасы үшін облыс әкімінің дипломымен (2000), 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы павлодарлықтар туралы көпсериялы деректі радиофильмді дайындағаны үшін ҚазКСР Бас мұрағатының бірінші дәрежелі дипломымен (1985) марапатталды.
Вера Болтина - Вена каласындағы XV Халықаралық мұрағаттар Конгресінің (2004) және Рейкьявик қаласындағы XXXV мұрағаттар Дөңгелек Үстелінің (2001) қатысушысы.
Қазіргі кезде елімізде жарық көретін «Қазақстан мұрағаттары - Архивы Казахстана» ақпараттық ғылыми-практикалық журналының редакциялық алқа мүшесі, облыстық ардергерлер кеңесінің мүшесі.