Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Орыс этнографы, тарихшы. Ұзақ жылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болды. Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Семейдің топограф. суреттемесін аяқтады. Қазақтар туралы мәліметтері «Новые ежемесячные сочинения» деген журналда және «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының суреттемесі» деген еңбегінде жарияланды. Соңғы жұмыстың 18 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тұрмысы жөнінде деректер келтірілуімен қатар этнографиялық мәні бар. Шығармалары: Описание Средней Орды киргиз-кайсаков, касающимися до сего народа также и прилежащих к российской губерний, по части Колыванской и Тобольской губерний, крепостей. СПб, 1795.