Талғат Жұматұлы Адамов 1961 жылы Павлодар облысының Железин ауданындағы Михайловка ауылында дүниеге келді. Мәдениет қызметкері, солист, мұражай қызметкері. Алтай мәдениет институтын (1991) бітірген. 1982 жылдан бастап ауылдық клубтың директоры, «Пламя» ВИА - да әнші, көркем жетекші болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап облыстық тарихи – өлкетану музейінде қызмет етеді. 2013 жылдан Д.П. Багаев музей – үйінің меңгерушісі.
Туған ауылында жас Талғат Адамов әуесқойлық қойылымдарға белсене қатысып, хорда ән шырқады және музыкалық нөмірлерге белсене қатысты. 10 сыныпта гитарада ойнауды үйреніп, болашақ мамандығы туралы шешім қабылдады. Ермаков атындағы мәдени-ағартушылық училищеге түсті.
Бір жылдан соң әскер қатарына шақырылды. Әскерде де әуесқойлық қойылымдарға қатысты, балалайка, аккордеон, гитарада ойнады. Әскерден кейін 1982 жылы Ермаков атындағы училищеге оралды. Мәдени – ағарту қызметкері дипломымен Михайлов ауылына келіп, ауылдың мәдениет үйінің директоры болып қызмет етті.