Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары

Төлеутай Әбжанұлы Әбілдин Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Тарихшы, мұражай қызметкері. Қазақ КСР Білім беру ісінің үздігі. 1954 жылы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі ҚазҰПУ), 1979 жылы мұражай қызметкерлері курсын бітірген.

1949 - 1950 жылдары Жосалы алтын өндіру кенінде бастауыш сыныптың мұғалімі, 1954 жылдан бастап Баянауылда тарих және география пәндерінің мұғалімі қызметтерін атқарды. Баянауылдағы Сәтбаев атындағы мұражайдың негізін қалаушылардың бірі. 1967-1995 жылдары осы мұражайдың директоры болды. Бірнеше медальдармен және төс белгілермен марапатталған.