Павлодар облысы Краснокутск ауданында дүниеге келді. 1977 ж. Ермак мәдени – ағарту училищесін клуб қызметкері мамандығы бойынша тәмамдады. 1994 ж. - Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің «Культурно-просветительная работа» факультетін бітірді.
Еңбек жолын Краснокутск ауданы МҮ көркем жетекшісі, әдіскері, директоры қызметінен бастады. 1987 ж. – Қашыр ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1988 ж. Қашыр ауданы аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1999 ж. – Қашыр ауданы ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі. 2003 ж. Е.Н. Тілегенов Павлодар облысы мәдениет департаментінің «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» директоры болып тағайындалды. Облыс шығармашылық ұжымдарын қолдау, халық салт – дәстүрлерін жаңғырту және сақтау, клуб типіндегі ауылдық және қалалық мәдениет мекемелерінің жұмысын үйлестіру, фестивальдар, байқаулар өткізу бойынша жұмыс жүргізді: «Наурыз аруы», «Жігіт сұлтаны», «Шаңырақ сыны», «Жас дәурен» жас ақындар айтысы, «Ертіс толқыны» хореографиялық ұжымдардың аймақтық байқауы. Облыста Республикалық ақындар айтысы өткізілді.
ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен (2000 ж.), Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2001 ж.), ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен (Астана, 2002 ж.), Павлодар облыстық маслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды (2003 ж.).
«Өнер әлемі» журналында, «Сарыарқа самалы», «Компаньон» газеттерінде жарияланымдары бар.
Тілегенов Е.Н. – көптеген әндердің авторы және композиторы: «Мәңгілік алау» «Анашым», «Туған жер», «Әке акылы», «Келешегім», «Ақтоғай вальсі», «Әкеме», «Қазақстан».
2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
***
Награждения: [о награждениях Благодарственными письмами акима Павлодарской области] // Звезда Прииртышья.- 2012.- 15 сентября. - С. 2