Дмитрий Иванович Подберёзный 1925 жылы Павлодар облысы Қашыр ауданы Львовка ауылында дүниеге келді. Мәдениет қызметкері. Қазақ КСР – ң еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967 ж.), Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Соғысқа дейін колхозда қызмет етті, 1950 жылға дейін армия қатарында борышын өтеді, 1950-1958 жж. – аудандық Мәдениет үйінің директоры. 1958-1972 жылдары Қашыр ауданының мәдениет көлімін басқарды. Ордендермен және медальдармен марапатталған.