Клуб ісі

Мейрам Ермекбаев 1946 жылы Қашыр ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келді. Музыкалық қабілеттері бала кезінен – ақ байқалды. Мектеп жасынан бастап ән байқауларына қатысты. Мектеп бітірген соң, 1964 жылы сол мектепте музыка және дене шынықтыру сабақтарын бере бастады. Ауыл жастарын өнерге тартты, облыстық көркем өнерпаздар байқауларына қатыстырды. 1968 - 1970 жылдары Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытында жұмыс істеді. 1977 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын үздік бітірді.

1977-1980 жылдары Ақсудағы «Металлург» мәдениет сарайының директоры болды. 1980 - 1989 жж. – Кенжекөл ауылы Мәдениет үйінің директоры. Осы жылдары «Қарлығаш» ән – би ансамблін ұйымдастырды. 1989 - 1994 жж. – Кенжекөл музыкалық мектебінің оқытушысы. 1994 жылдан М. Ермекбаев – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы. Инстиутта қазақ халық аспаптары оркестрін басқарды.

Барлық әндері Отанға, туған өлкеге арналған, патриоттық сезімге толы. Бұл «Мақтанышым, Қазақстаным!», «Жүрегімнің төріндесің, туған жер», «Павлодарым», «Желтоқсан жаңғырығы», «Кереку дүлділ-дері», «Астана» әндері. Алғашқы әндерінің бірі - «Аққулар». Әндерінің арасында С.Торайғыровқа, М. Шамсутдиноваға, Қ. Сәтбаевқа, Мәшүр – Жүсіп Көпейұлына арналғандары бар.

20 жылдан аса уақыт шығармашылық қызметінде 30 – ға жуық өлең жазған. Танымал қазақ ақындарының өлеңдеріне ән жазады.

Ермекбаев - кәсіби музыкант. Отбасылық ансамбльді құрушы. М. Ермекбаев «Ала» кітабының, «Өнерім-өнерім» монографиясының, «Күй маржаны» күйлер жинағының, «Домбыраға арналған жеңіл күйлер, пьесалар мен этюдтар» хрестоматиясының авторы.

М. Ермекбаев – республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты.

 

***

Попандопуло М. Пою тебя, мой край: [О музыкальной культуре Павлодарской области] / Попандопуло М; М.Попандопуло // Наука и высшая школа Казахстана.- 2005. - 1 февр. - С.5