Сергей Иванович Дахов 1919 жылы Павлодарда дүниеге келді. Педагог, мәдениет ағарту ісінің қызметкері, Қазақ КСР – ң еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980), Ұлы Отан Соғысының қатысушысы.
Халыққа білім беруді жақсарту қазақ институтының екіжылдық курсын бітірді (1939). Еңбек жолын жетіжылдық мектептің мұғалімі болып бастады (1939).
1945-1954 жж. – мұғалім, Павлодар облыстық мәдени – ағарту бөлімінің аға инспекторы, дәріскер, дәріс насихаттау бойынша облыстық бюро төрағасы, облыстық мәдени – ағарту бөлімінің басшысы. 1954 – 1980 жж. – Павлодар облыстық кітап сату бөлімінің директор. Орденмен, медальдармен, «Отличник печати», «Отличник культуры» белгілерімен марапатталған.