Клуб ісі
 

Бельденинова-Комарова Татьяна Леонтьевна Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Революция қатысушысы, Баянауылдағы ревкомның алғашқы мәдени-ағартушы қызметкері.

Павлодар қыздар гимназиясын тәмамдады (1916). 1920-1921 жж. әйелдер бөлімінің жұмысына белсене қатысты, Халық үйін басқарды. Баянауыл отрядының құрамында ер адамдармен бірге революциялық идеяларды қорғауға шығып қаза тапты.

Т.П. Бельденинова-Комарова Баянауылда тұрған үйде мемориалды тақта орнатылды (1969).