Кітапхана ісі
 

Любовь Захаровна Шаманина 1922 жылы Железі ауданының Маратай ауылында дүниеге келді. В. Воровской атындағы Павлодар педагогикалық училищесін,  Н. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының кітапхана факультетін бітірген (сырттай). 1940 жылдан бастап мұғалім, мектеп меңгерушісі болып істеген. 15 жылдан астам уақыт бойы партия органдарында қызмет атқарды. 1959-1961 жж. облыстық балалар кітапханасының директоры, 1961-1965 жж. - Н. Островский атындағы облыстық кітапхананың директоры, 1965-1977 жж. - облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары. Л.З. Шаманинаның басқару жылдарында кітапхананың әдістемелік және оқу-кеңестік орталығы, облыстың басты кітапханасы ретінде рөлі күшейтілді. Л.З. Шаманина зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ауыл мәдени-ағарту қызметкерлерін дайындау және қайта дайындау курстарында 10 жылдай жұмыс істеді. Еңбек ардагері. «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945», «За освоение целинных земель», «За трудовую доблесть», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне» медальдарымен, 1957 ж. Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесі қатысушысының медалі, «За отличную работу» Мәдениет министрлігінің белгілері, КСРО Мәдениет министрлігінің, ҚКСР Мәдениет министрлігінің, КСРО Министрлер Кеңесінің және БЛКЖО (ВЛКС) Орталық комитетінің, Павлодар облыстық атқару комитетінің, мәдениет қызметкерлерінің кәсіподақ облыстық комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

***
В объективе – библиотекари (110 лет областной библиотеке им. С. Торайгырова) /сост. З.Н.Науразбаева; ред: С.Ш. Исаканова; Л.А.Куценко; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006. - С. 21
Лямзина Л. Активист Л.З. Шаманина: [ветеран труда, персональный пенсионер республиканского значения, ветеран библиотечного дела, общественный деятель Павлодарской области Л.З.Шаманина] / Л.Лямзина // Наш край.- 2001. - 8 нояб. - С. 2
Лямзина Людмила. Патриарх культуры: [о ветеране труда, деятеле культуры Л.В.Шаманиной] / Лямзина Людмила; Михаил Гапон // Наш край. - 2007. - 15 нояб.(№46). - С. 2
Областная библиотека им.С. Торайгырова: Библиотечная энциклопедия / Ответств.: Ш.Б.Шахметова; ред, М.А. Жиенбаева; Управление культуры павлодарской области. Павлодарская областная объединенная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова. - Павлодар, 2011. – С. 239.
Призвание - библиотека: история библиотеки в биографиях её директоров / сост. Б. Б. Байжанова; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006. - 20 с.