Үшқолтай Қасенқызы Субханбердина - библиограф, ғалым, әдебиеттанушы. 1927 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірді. Еңбек жолын 1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында библиограф, қолжазбалар мен сирек кітаптар бөлімінің меңгерушісі ретінде бастаған. 1964 жылы «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі және көркем әдебиеті. ХIХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 1966-1973 жж. М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар және мәтіндік ғылымдар бөлімінің ғылыми қызметкері, 1973-1982 жж. Фоно – фото зертхана меңгерушісі, 1982-1999 жж. Мәтіндер және қолжазбалар орталығының аға ғылыми қызметкері.
Ү.Субанбердина 2008 жылы Алматыда қайтыс болды. Оның есімі Астана көшелерінің біріне берілген.
***
Субханбердина У.С. // Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. 287
Субханбердина У.С. // Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 434
Субханбердина У.С. // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Алматы, 2003. – С. 507
Мұқанов Қайролла."Қазақ" газеті және оның тілшілері / Мұқанов Қайролла; Қайролла Мұқанов // ANA TILI.- 2018. - 1 - 7 ақпан. - 3 б.
Субханбердина Ү. Қазақ. Алаш. Сарыарқа: мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш / Суханбердина Ү. - Алматы: Ғылым, 1994.- 200 б.
Субханбердина Ү. // Ертістің Павлодар өңірі энциклопедия. – Алматы, 2013. – 665 б.