Кітапхана ісі
 

Павлодар кітапхана ісінің ардагері, Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашы (1961). Муза Николаевна Пахомова Ресейдің Омбы облысының Тара қаласында дүниеге келді. Павлодарда 1929 жылдан тұрды. 1940-1942 жылдары Қарағанды мұғалімдер институтында оқыды.

Еңбек жолын инспектор қызметінен бастады. 1943-1947 жылдары Комсомол қалалық комитетінің инструкторы, Ішкі істер министрлігінің жауапты хатшысы, Ағарту қызметкерлері облыстық комитетінде есепші болып жұмыс істеді.

1947 жылдан бастап облыстық кітапхана кітапханашысы, 1959-1971 жылдары №1 қалалық кітапхана бастығы болып қызмет етті. Жұмыс істейтін халық депутаттарының облыстық және қалалық кеңесінің депутаты. Медальдармен марапатталған.

 

***
Пахомова М.Н. // Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. - 230
Пахомова М.Н. //Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 434
Пахомова М.Н. // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Алматы, 2003. – С. 481