Кітапхана ісі
 

ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, кітапхана ісінің ардагері. Майя Әбдірахманқызы Жиенбаева 1956 жылғы 25 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келді. Әл - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының кітапханалық факультетін бітірді.

1977 жылы оқуды үздік аяқтаған соң Павлодар облысына жұмысқа жіберілді, Ермак (Ақсу) қаласындағы орталық аудандық кітапханада қызмет етті. 1979 жылдан бастап облыстық кітапханада библиограф – әдіскер, толықтыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 1985 жылы кітапхана директоры болып тағайындалды. 2015 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасының директоры болып қызмет етті. М. Ә. Жиенбаева - Мәскеу (1995), Стамбул (1997), Сеул (2006), Милан (2009) қалаларында өткен ИФЛА Халықаралық кітапханалық форумдардың, Ульяновск, Ижевск, Вильнюс, Алматы, Бішкек қалаларында өткен кітапхана ісінің даму мәселелеріне арналған семинарлардың қатысушы. ҚР Кітапханалық ассоциациясының мүшесі.

М.Ә. Жиенбаеваның басқаруымен облыстық кітапхана ірі ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Оның бастауымен кітапханада бірнеше жобалар: «Кітапхана және өлкетану», «Экология и жизнь», «Открытая библиотека», «Библиотека - центр культуры и досуга», «Айна» галереясы, «Шаңырақ», «Жанашыр» жасалып, іске асырылуда, кітапхана республикадағы алдыңғы катарлылардың бірі болды. Облыс кітапханаларында еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формалары енгізілді, НТИ кабинеттері, пікір-талас, өлкетану клубтары, «Техникалык идеялар жәрмеңкесі» кұрылды, кітапханалар күні өткізіліп, кадрлармен түрлі жұмыстар жүргізіле басталды.

Оның басқаруымен 1993 ж. кітапхана республикада кітапханалық үрдістерді автоматтандыру жұмыстарын бірінші болып бастады. 1997-1999 жж. «Сорос-Қазақстан» корының, «Ашық қоғам» институтының екі грантына ие болды. Осының арқасында кітапханада оқырмандарға жоғары деңгейдегі, жаңа ақпараттық технологиялар - электронды пошта және Интернет арқылы кызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. 1999 жылы «Пушкин кітапханасы» мегажобасына қатысты. Облыстық кітапхана жасап, облыстық мәслихатта бекітілген «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы кітапханаларды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға ықпал жасады.

КСРО Мәдениет Министрлігінің «За отличную работу» белгісімен, алғыс хаттармен, Мәдениет министрлігінің, облыс басқармасының грамоталарымен марапатталған. 1998 жылы «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері», 2003 жылы «Үздік кітапханашы» атақтарына ие болды, 2008 ж. ҚРҰАК сайтындағы «Кто есть кто в библиотеках Казахстана» ДБ енді, 2011 ж. ҚР ҰАК «Кітап жанашыры» медалімен, «Лучший по профессии» Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының дипломымен, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

***
Все еще впереди!!!: нашему любимому директору посвящается:[фотолетопись трудовой деятельности] / сост. Г. Е. Иванова; Павлодар: Павлодарская ООУНБ, 2015.- 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).
Жиенбаева М.А. "Стать отличником поможет библиотека": [Беседа с директ. обл. библиотеки им.С.Торайгырова М.А.Жиенбаевой/ Запис.Ж.Щеглова] / Жиенбаева М.А. // Новое время.- 2002.-30 янв.-С.8
Жиенбаева Майя Абдрахмановна. Встреча в Милане: (Под эгидой ИФЛА) / Жиенбаева Майя Абдрахмановна; М.А.Жиенбаева// Кітап патшалығы.- 2009.- №1. - С. 17
Жиенбаева Майя Абдрахмановна. Новые технологии - новые перспективы: [Информационные технологии] // Кітап патшалығы.- 2011.- №2 - С. 34 - 38
Жиенбаева Майя Абдрахмановна. Программа "Ауыл кітапханасы" - инновационный этап развития библиотек Павлодарской области: [Панорама библиотек Республики
Казахстан] / Жиенбаева Майя Абдрахмановна // Молодые в библиотечном деле.- 2008.- №2-3. - С. 45 - 53
Жиенбаева Майя Абдрахмановна. Региональная библиотечная политика: от программы "Ауыл кітапханасы" к открытой электронной библиотеке "Павлодарское Прииртышье" / Жиенбаева Майя Абдрахмановна // Кітапханатану. Библиография. Кітаптану/ Сост.: М.Б. Валиулина.- Алматы. - 2006. - С. 81 - 85
Жиенбаева М. А. // Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. 113
Жиенбаева М. А. Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 430
Жиенбаева М. А. // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Алматы, 2003. – С. 272
Жилкибекова А.А. Любовь и призвание - библиотека /Жилкибекова А. А // Библиография.- 2011. - №4. - С. 108- 109
Жилкибекова А.А. Идти по жизни достойно: [о директоре Павлодарской обл. библиотеки М.А. Жиенбаевой]/ Жилкибекова А.А. // Звезда Прииртышья.- 2011.- 7 июля. - C. 18
Иванова Галина Евгеньевна. Впереди ещё много вершин / Иванова Галина Евгеньевна;
Баршагуль Балтагуловна Байжанова // Кітап патшалығы.- 2013.- №1-2. - С. 49 - 53
Исаканова Светлана. Магия книги: [директору Павлодарской областной библиотеки им.С.Торайгырова Жиенбаевой М.А. - 50 лет] / Исаканова Светлана; // ЗвездаПрииртышья.- 2006. – 25 мая. - С. 5
Карандашова Тамара. Интернет, библиотека и все, что с ними связано: [Интервью с директором областной биб-ки им.Торайгырова М.А.Жиенбаевой] / Карандашова Тамара // Вести Павлодара. - 2001.- 12 дек. - С.6
Областная библиотека им.С. Торайгырова: Библиотечная энциклопедия / Ответств.: Ш.Б.Шахметова; ред, М.А. Жиенбаева; Управление культуры павлодарской области. Павлодарская областная объединенная универсальная научная библиотека им. С. Торайгырова. - Павлодар, 2011. – С. 167.
Призвание - библиотека: история библиотеки в биографиях её директоров / сост. Б. Б. Байжанова; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006.- 20 с.
М.А.Жиенбаева / Салмурзина С // Звезда Прииртышья.- 2001.-1 дек. - С.5
Баймұратұлы Бақыт. Майя Жиенбаева: Кітап – адам жанын тазартып, санасына сәуле түсіреді: [С. Торайгыров атындағы облыстық кітапхананың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Майя Жиенбаевамен сұхбат] / Баймұратұлы Бақыт; // Сарыарқа самалы.- 2009.- 5 наурыз. - 4 - 5б.
Достық дәнекері: [С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың директоры М.Ә.Жиенбаевамен сұхбат /Әңг. Ө.Тастемханов] // Сарыарқа самалы.- 2006. – 31 қантар. - 6б.
Жиенбаева М.А // Ертістің Павлодар өңірі энциклопедия. – Алматы, 2013. – 346 б.
Жұматов Ғалымбек. Рухани байлық иесі (С.Торайғыров атындағы облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапхананың директоры М.Ә.Жиенбаева хақында) / Ғалымбек Жұматов // Сарыарқа самалы.- 2006. - 25 мамыр. – 16 б.
Майя Жиенбаева: "Кітап - адам жанын тазартып, санасына сәуле түсіреді": [С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың директоры, "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" М.Жиенбаевамен сұхбат] / Әңг. Б.Баймұратұлы // Сарыарқа самалы.- 2009.- 5 наурыз. - 4 - 5б.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана: Кітапхана энциклопедиясы / Шығаруға жауапты. Ш. Б. Шахметоа; ред. М. А. Жиенбаева; Павлодар облысының мәдениет басқармасы. С. Торайғыров атындағы облыстық бірлескен әмбебап ғылыми кітапхана. - Павлодар, 2011. - 258 б.
Шайкенова Назым Ғизатқызы. Халық құрметі - абырой: [аға библиограф Жиенбаева Майя Әбдірахманқызы туралы] / Шайкенова Назым Ғизатқызы // Қызыл ту. - 1979. – 28. - шілде. - 4 б