Кітапханашы Грезина Лидия Максимовна РФ Алтай өңірі Третьяковск ауданы Плоское ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Семей кітапханалық техникумын (1952), Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын (сырттай) бітірді. 1952 жылдан бастап Павлодар облысында тұрды. Қашыр аудандық кітапханасында кітапханашы, кітапхана меңгерушісі болып қызмет етті. 1953 жылдан бастап Павлодар облыстық кітапханасында кітапханашы, оқу залының меңгерушісі болды. 1967-1978 жж. - кітап толықтыру және кітап өңдеу бөлімінің меңгерушісі, 1978-1985 жж. – кітапхана директоры. Оның басшылығымен облыс аудандарында қорды каталогтандыру бойынша озық тәжірибе мектептері құрылды, облыстық кітапхананың анықтама аппараты жетілдірілді. ККА жұмысы белсендірілді, 35 кітапханамен байланыс орнатылды. Кітапханашылардың біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлінді. 1976 жылы халықтық мәдениет университетін ұйымдастырған үшін Н. Островский атындағы облыстық кітапхана Мәдениет Министрлігінің дипломымен марапатталды. Осы жылдары корды КБК кестесіне ауыстыру басталды. 1980 жылы облыстың көпшілік кітапханаларын орталықтандыру аяқталды.
Облыстық кітапхананың өлкетану музейімен, қала оку орындарымен шығармашылық байланысы нығайды. 1985 жылдан бастап зейнеткер. 1986 ж. тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері.
«За освоение целинных земель», В.И. Лениннің туғанына 100-жыл толуына арналған медальдармен, «Еңбек ардагері», КСРО Мәдениет министрлігінің «За отличную работу», «Победитель соц-соревнования» белгілерімен, облыстық Кеңес халық депутаттары мақтау қағаздарымен марапатталды.
***
В объективе – библиотекари (110 лет областной библиотеке им. С. Торайгырова) /сост. З.Н.Науразбаева; ред: С.Ш. Исаканова; Л.А.Куценко; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006. - С. 17
Грезина Л. М. Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 430
Грезина Л. М. Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. 86
Жилкибекова А. Верность призванию: (О Лидии Грезиной) / Жилкибекова А; А. Жилкибекова, О. Фаткина // Звезда Прииртышья. - 2010. - 26 октября. - С. 8
Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. 86
Областная библиотека им.С. Торайгырова: Библиотечная энциклопедия / Ответств.: Ш.Б.Шахметова; ред, М.А. Жиенбаева; Управление культуры павлодарской области. Павлодарская областная объединенная универсальная научная библиотека им. С. Торайгырова. - Павлодар, 2011. – С. 159.
Призвание - библиотека: история библиотеки в биографиях её директоров / сост. Б. Б. Байжанова; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006. - С. 20